Саясат

Тоқаев Филиппин және Аустралиядағы жаңа елшілерді тағайындады

© Sputnik / Владислав ВодневРезиденция президента Казахстана Акорда
Резиденция президента Казахстана Акорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы екі елшіні жаңа дипломатиялық лауазымдарды қоса атқарушы қызметіне тағайындау туралы жарлықтарға қол қойды  

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Филиппин және Аустралиядағы елшілерді тағайындады.

Қазақстанның Индонезиядағы төтенше және өкілетті елшісі Данияр Сарекенов Қазақстанның Филиппин Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

Сонымен қатар, Қазақстанының Сингапурдағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Жаңа Зеландиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы Аркен Арыстанов Қазақстанның Аустралия Одағындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев бірнеше елшіні қызметінен босатты

Данияр Сарекенов дипломатиялық еңбек жолын 1993 жылы сыртқы істер министрлігінде атташе қызметінен бастады. 2013 жылы Қазақстан Республикасының Малайзиядағы елшілігінде кеңесші болып жұмыс істеді. Кейінірек, сол жылы ол Қазақстанның Малайзиядағы елшісі болды, бұл қызметті 2019 жылға дейін атқарды.

Аркен Арыстанов әр жылдары қаржы саласында еңбек етті. 2011-2013 жылдары "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы болды. 2014-2019 жылдары – Қазақстанның Франциядағы елшілігінде инвестициялар жөніндегі кеңесші.

2019 жылы ол Қазақстанның Сингапур мен Жаңа Зеландиядағы елшісі болып тағайындалды.

Жаңалықтар
0