НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 363 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өсім 5,0% болған.
Өңірлер бойынша:
- Қарағанды облысы – 130 (43,3%),
- Нұр-Сұлтан қаласы – 54 (3,8%),
- Алматы қаласы – 35 (1,8%),
- Шымкент қаласы – 31 (6,1%),
- Атырау облысы – 25 (3,1%),
- Алматы облысы – 24 (10,1%),
- Түркістан облысы – 20 (8,2%),
- Ақтөбе облысы – 9 (3,9%),
- Қызылорда облысы – 9 (3,4%),
- Батыс Қазақстан облысы – 8 (2,3%),
- Ақмола облысы – 7 (5,2%),
- Жамбыл облысы – 7 (3,2%),
- Қостанай облысы – 3 (2,7%),
- Солтүстік Қазақстан облысы – 1 (2,6%).
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 7597. Індеттен 3843 адам жазылып, 35 адам қайтыс болды.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирусқа қарсы қандай дәрілер қолданылады