Қоғам

Білім басқармасы 1-сыныпқа қабылдау тәртібін түсіндірді  

© Sputnik / Тимур БатыршинЦентр обслуживания населения (ЦОН)
Центр обслуживания населения (ЦОН) - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құжаттарды қабылдау келесі айда басталады. Ата-аналар өтініштен бөлек, төрт құжат тапсыруы тиіс, деді Шолпан Қадырова

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Елорданың білім басқармасы баланы 1-сыныпқа қабылдау тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оқи отырыңыз: Астаналық оқушылар жазда қайда демалады – білім басқармасы жауап берді  

Басқарма басшысы Шолпан Қадырованың айтуынша, бірінші сыныпқа қабылдау, сондай-ақ, мектептен мектепке және сыныптан сыныпқа ауыстыру egov.kz порталы арқылы жасалады. Сайтта "Білім беру" бөлімі бар. Соның ішінде "Орта білім беру" бөлімін таңдап, өтініш беру керек. Бұдан бөлек, төрт құжат жіберіледі. Олар:

  • Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • Бала денсаулығының төлқұжаты;
  • 026/у-3 формасы;
  • 063/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы құжаты;
  • 3x4 көлеміндегі фото (2 дана).

"Мектептің қабылдау комиссиясы оқуға өтініш берген кезде басқа қосымша құжаттарды талап етпеуі тиіс. Ал ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқуға қабылдау үшін психологиялық-педагогикалық консультацияның қорытындысы электронды түрде заңды өкілдерінің келісімімен ұсынылады. Құжаттарды қабылдау 1 маусымда басталады", - деді Қадырова бүгінгі онлайн брифингте.

Оның  сөзіне қарағанда, 17 тамыздан бастап мектептерде ақысыз негізде жазғы мектептің жұмысы ұйымдастырылады. Сол жерде балаларды мектепке даярлайды.

Жаңалықтар
0