Қоғам

Қазақстанда әскери арсенал маңында құрылыс салғандар жазаланады

© Photo : Официальный сайт Минобороны КазахстанаВоенные саперы Минобороны Казахстана работают в Арыси по разминированию
Военные саперы Минобороны Казахстана работают в Арыси по разминированию - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әскери нысандарға іргелес жатқан аумақтарда тұрғындардың, ғимараттар мен құрылыс-жайлардың қауіпсіздігі мәселелері толық шешілмеген

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Қазақстанда әскери арсеналдар, базалар мен қоймалар аймағында құрылыс салғандар үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі. Сенат тиісті заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысында Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар заң жобасы қаралды.

Заң жобасына парламент депутаттары бастамашы болған.

Негізгі мақсат – Қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арсеналдарының, базалары мен қоймаларының жұмыс қауіпсіздігін, сондай-ақ оқ-дәріні сақтау кезінде төтенше жағдай туындауы мүмкін болған жағдайда халықты қорғауды қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіру.

"Жұмыс барысында оқ-дәрілерді сақтау арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтарды, аудандарды белгілеу мәселелерінде бірталай кемшілік пен проблема барына көз жеткіздік. Ол олқылықтар, әсіресе, Арыс қаласында болған оқиға барысында көрініс тапты", - деді сенатор Нұржан Нұрсипатов.

Айтуынша, әскери нысандарға іргелес жатқан аумақтарда тұрғындардың, ғимараттар мен құрылыс-жайлардың қауіпсіздігі мәселелері толық шешілмеген. Оқ-дәрілерді сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларында мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру деңгейі төмен.

Сондай-ақ, оқ-дәрілерді сақтау объектілерінің маңында ғимараттарды заңсыз салу фактілері бар.

"Осы мәселелерді шешу үшін Жер кодексіне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы күштері туралы" және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" заңдарға түзету енгізу ұсынылады", - деді депутат.

Заң жобасында арсеналдардың, базалар мен қоймалардың аумақтарын, сондай-ақ белгіленген тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар шегінде іргелес жатқан аумақтарды ерекше жер пайдалану шарттары бар аймақтарға жатқызу көзделіп отыр.

Оқи отырыңыз: Сенат сайлау және саяси партиялар туралы заңдарды қабылдады 

Қазақстан үкіметіне тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларын және олардың тізбесін бекіту жөніндегі өкілеттіктерді беру қарастырылған.

Әкімдіктердің құзыретін тыйым салынған аймақ пен аудан аумақтарының шекараларын және орналасқан жерін тиісті мемлекеттік органдармен келісу жөніндегі жаңа функциямен толықтыру көзделген.

Арсеналдарды, базалар мен қоймаларды тікелей пайдаланумен байланысты емес ғимараттар мен құрылыс жайларды салғаны, шаруашылық және өзге де қызмет жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілген.

Бұдан бөлек, тыйым салынған аймақ пен аудан аумағында фототүсірілім, аудио және бейнежазбаға арналған құралдарды, жүйелерді қолданғаны үшін да әкімшілік жауаптылық қарастырылып отыр.

Сенат депутаттары заңды екі оқылымда да қабылдады.

Жаңалықтар
0