Қоғам

Үйінен бір бума ақша шықты – құқық қорғаушылар департамент басшысын тергеуге алды

© Photo : пресс-служба МВД КазахстанаПреступная группа наркодилеров задержана в Костанайской области
Преступная группа наркодилеров задержана  в Костанайской области - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі сыбайласымен бірге пара алу сәтінде қолға түскен күдікті өз кінәсін толық мойындағандықтан, қамауға алынбады

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі индустриялық даму және өндірістік қауіпсіздік комитетінің Ақмола облыстық департаментінің басшысын тергеуге алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Агенттік тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, департамент басшысы екі сыбайласымен бірге алаяқтық жасады. Үш күн бұрын олар жеке компаниядан заңсыз ақша алған.

"Осы ақша үшін өндірістік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарға мүмкіндік жасаймыз деген. Күдіктілер өз кінәсін толығымен мойындады. Сол себепті оларды қамауға алған жоқ", – дейді Биғайдаров.

Айта кетейік, индустриялық даму және өндірістік қауіпсіздік комитеті Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департамент басшысын ұстау операциясын видеоға түсірді. Соған қарағанда, ол бір бума ақшаны өз үйінде сақтаған.

Оқи отырыңыз: Жемқорлық үшін бірінші басшы жазаланады - Тоқаевтың тапсырмасы қалай орындалып жатыр?

Жаңалықтар
0