Өңірлер

Батыс Қазақстанда инфекцияны кімнен жұқтырғаны белгісіз науқас анықталды

© REUTERS / THOMAS PETERМедик расставляет пробирки с анализами на коронавирус
Медик расставляет пробирки с анализами на коронавирус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Батыс Қазақстан облысының шалғай аудандарының бірінде 30 жастағы ер адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

АЛМАТЫ, 21 мамыр – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын кімнен жұқтырғаны белгісіз бір науқас ауруханаға жатқызылды.

"Астана" телеарнасы Сырым ауданында 30 жастағы ер адамнан қауіпті инфекция табылғанын хабарлады. Алайда дәрігерлер инфекцияның көзін, кімнен жұқтырғанын таба алмай отыр.

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында карантин шарасы қайта күшейтілуі мүмкін 

Науқас коронавируспен ауыратын науқастармен байланыспағанын және ауылдан шықпағанын алға тартты. Ер адам аудандық ауруханада жұмыс істейді. Қазір ол ауруханаға жатқызылды.

"Бұл облыс ішінде инфекция көзі табылмаған алғашқы жағдай. Бізде 339 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, олардың 70% – сырттан келгендер. Олар Ресей мен Атырау облысында вахтада жұмыс істегендер. Ал қалғаны – байланыста болғандар", - деп хабарлады тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев.

Науқас 60-қа жуық адаммен байланыста болған, барлығы оқшауланды.

Айта кетейік, Қазақстанда індет жұқтырғандар саны – 7234. Індеттен 3734 адам жазылып, 35 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0