Қоғам

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусты жаппай жұқтыру оқиғаларын жариялады  

© Sputnik / Тимур БатыршинПробирки с тестами на коронавирус в лаборатории
Пробирки с тестами на коронавирус в лаборатории  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарағанды және Түркістан облысында бір адам 8 бірдей инфекция ошағына себеп болған. Бүгінде вирус ошақтары бақылауға алынды

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирусты жаппай жұқтыру оқиғалары туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бас санитардың айтуынша, Қарағанды облысында бір адам 8 бірдей инфекция ошағына себеп болған. Бір ұжымдағы 29 адам ауырып қалған. Олар вирусты үйіне апарып, тағы 11 адамға жұқтырған. Осылайша, бір науқастан 40 адам коронавирусқа шалдықты. Олардың ішінде үш бала бар. Бүгінде вирус ошақтары бақылауға алынды. Ал инфекцияның инкубациялық кезеңі әлі аяқталған жоқ.

Оқи отырыңыз: Теңіз кеніші жабылуы мүмкін – Атырау облысына үкіметтік комиссия аттанды 

"Тура солай Түркістан облысында бір адамнан 8 вирус ошағы пайда болды. Барлығы 20 адам коронавирус жұқтырды. Олардың ішінде егде жастағы адамдар да бар. Алысқа қатынап жүрген жүргізуші алдымен әйеліне жұқтырған. Ал келіншегі жұмысқа барып, вирусты 6 әріптесіне таратқан. Ал олар соны үйіне апарып, тағы 14 адамға жұқтырды", - деді Есмағамбетова бүгінгі онлайн брифингте.

Бұдан бөлек, Нұр-Сұлтанда бес адамнан тұратын бір отбасы ауруханадан бір-ақ шықты. Вирусты ауызашарда жұқтырған адамдар да аз емес.

"Осы мысалдардың бәрі карантин шараларын сақтамаудың салдарынан болды. Төтенше жағдайды алып тастаса да, карантин әлі аяқталған жоқ", - деп ескертті Есмағамбетова.

Жаңалықтар
0