Саясат

Ғани Нығыметов жаңа қызметке тағайындалды

© Sputnik / Владислав ВодневМужчина на площади у Акорды, архивное фото
Мужчина на площади у Акорды, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ол 2019 жылдың шілде айынан бастап президент әкімшілігінде ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған болатын

ПЕТРОПАВЛ, 20 мамыр — Sputnik. Бұған дейін президент әкімшілігінде ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болған Ғани Нығыметов Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың қаулысымен президент әкімшілігінің келісімімен Ғани Нығыметов Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды", - деді облыстық ішкі саясат басқармасында.

Нығыметов 2019 жылдың шілде айынан бастап президент әкімшілігінде ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған болатын.

Ғани Нығыметов туралы не білеміз?

Ғани Нығыметов 1983 жылдың 22 тамызында Ақтөбе облысының Шалқар қаласында туған. 

2005 жылы "халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған. 2007 жылы "Болашақ" бағдарламасымен Монтерей халықаралық зерттеулер институтында мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алды. 

2014 жылы Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінде executive MBA болды. АҚШ-тың Дьюк университеті сынды жоғары оқу орындарын бітірді. 

© Photo : УВП СКОНығыметов бес тілді жетік меңгерген: қазақ, орыс, ағылшын, хинди және неміс тілі
Ғани Нығыметов жаңа қызметке тағайындалды - Sputnik Қазақстан
Нығыметов бес тілді жетік меңгерген: қазақ, орыс, ағылшын, хинди және неміс тілі

Еңбек жолын БҰҰ даму бағдарламасының штаб-пәтерінде бастады, Нью-Йорктегі Еуропа және Орталық Азиядағы өңірлік бюросында жұмыс істеді. 

Әр жылдары "Назарбаев Университетіндегі" халықаралық әріптестік департаментінің директоры, НУ "Энергетикалық даму орталығының" даму жөніндегі бас директорының орынбасары, "Nazarbayev University Research and Innovation System" бизнесті дамыту жөніндегі директоры, "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті, "Стратегиялық бастамалар орталығы" ЖШС атқарушы директоры, Еуразиялық интеграция институтының директоры, ҚР президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

Жаңалықтар
0