Қоғам

ҰҚК аса маңызды базаның мәліметтері заңсыз өзгертілгенін мәлімдеді

CC0 / Thomas Breher / Клавиатура
Клавиатура - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Е-Лицензиялау" мемлекеттік деректер базасындағы мәліметтерді түрлендірді деген күдікке ілінген адамдардың кінәсі толық дәлелденді

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. "Е-Лицензиялау" мемлекеттік деректер базасындағы мәліметтерді заңсыз түрлендіруге қатысы бар адамдар сотталды, деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

ҰҚК бұл база Қазақстанның ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының аса маңызды объектісі болып саналатынын атап өтті.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Е-Лицензиялау" мемлекеттік базасындағы мәліметтерді түрлендіру жолымен заңсыз лицензиялар берумен айналысқан адамдарды әшкереледі. Қылмыстық әрекет белгілерін "Қазақстанның Киберқалқаны" жүйесі шеңберінде құрылған "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ жедел ақпараттық қауіпсіздік орталығы тіркеген", - делінген хабарламада.

"Мемлекеттік техникалық қызмет" РМК мен "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ның техникалық мамандары бірлесіп жүргізген кешенді компьютерлік-техникалық сараптаманың нәтижесінде "Е-Лицензиялау" мемлекеттік деректер базасындағы мәліметтерді түрлендіруге қатысты деген күдікке ілінген адамдардың кінәсі толық дәлелденді.

Оқи отырыңыз: ҰҚК қызметкерлері ойынханадағы 30-дан астам адамды ұстады – видео 

2020 жылдың 10 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының шешімімен сотталушылар Қылмыстық кодекстің 206-бабы 2-бөлігі 1-тармағы "Ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру" бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысы 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектелді. Олар 2 жыл мерзімге Қазақстан Республикасы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектілеріне кіруге рұқсат берумен байланысты квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым иелену құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Жаңалықтар
0