Экономика

Тоқаев жаңа қаржы министріне тапсырма берді

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚазақстан президенті жаңа қаржы министрі Жамаубаевты қабылдады
Қазақстан президенті жаңа қаржы министрі Жамаубаевты қабылдады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті салық көлемін өсіру, қарыздық шектеулерді сақтау бағытында жүйелі жұмыс жүргізу қажет екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Жамаубаев президентке қаржы министрлігінің негізгі жұмыстары туралы есеп берді.

Атап айтқанда, Тоқаевқа республикалық бюджеттің орындалуы мен жоспарлануы, мемлекеттік сатып алулар мен қазынашылық қызмет көрсету ісінің жүзеге асырылуы, мемлекеттік аудит жүргізу, мемлекеттік активтерді басқару, салық және кеден салаларын әкімшілендіру, сондай-ақ, қаржылық құқық бұзушылықтарды анықтау жайында баяндалды.

Мемлекет басшысы көлеңкелі экономикаға қарсы күрес, салық көлемін өсіру, бюджеттік рәсімдерді оңтайландыру, көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің сапасын арттыру және қарыздық шектеулерді сақтау бағытында жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігін айтты.

Тағы оқыңыз: Тоқаев президенттің өкілеттігін кеңейтетін заңға қол қойды

Кездесу соңында Тоқаев салық және кеден салаларын әкімшілендіру, мемлекеттік сатып алу және бюджет үдерісіне қатысты заңнамаларды жетілдіру мәселелері бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

18 мамырда президенттің жарлығымен Ерұлан Жамаубаев қаржы министрі қызметіне тағайындалды.

Ал Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі болған Әлихан Смайылов қызметінен босатылып, премьер-министрдің бірінші орынбасары болып қайта тағайындалды.

Жаңалықтар
0