Қоғам

"Халық карантин аяқталды деп ойлайды": бас санитар дәрігер ескерту жасады

© Sputnik / Тимур БатыршинЛюди в масках на улицах Алматы
Люди в масках на улицах Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Соңғы кездері коронавирус белгісімен ауруханаға хабарласып өз еркімен жатқандар да көбейген. Тіпті, ондай адамдардың саны 40%-ке өскен

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова карантиндік шараларды жеңілдеткеннен кейін науқастардың көбейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Негізі, соңғы аптада науқастардың саны 15 процентке өсіп отыр. Оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, тестілеудің ауқымы кеңейді. Күн сайын тест тапсыратындардың саны 23 мың адамға жетті. Осындай тексеріс кезінде барлық науқастардың 66 проценті анықталды. Екіншіден, ұжымдарда коронавирус жұқтыру оқиғалары көбейіп кетті", – деді Есмағамбетова бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, коронавирус белгілерімен ауруханаға өздігімен хабарласып жатқандар да көбейді. Бір аптаның ішінде ондай адамдардың саны 40 процентке өсті.

"Әсіресе, Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында, Павлодар, Қостанай мен Ақтөбе облыстарында өздігімен хабарласатындар көп. Бұл нені аңғартады? Адамдар карантин аяқталды деп ойлап қалды. "Осымен бәрі бітті, бұрынғы өмірге оралдық, ешқандай шектеу жоқ" деген түсінік бар. Халық қарапайым алдын алу шараларын сақтамайтын болды", – деп атап көрсетті Есмағамбетова.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда карантин режимін жеңілдету жоспары әзірленді

Жаңалықтар
0