Қоғам

Дәмханада ауызашар өткізуге бола ма – бас санитар жауап берді

© Sputnik / Арман АсқарАуызашар дастарханы
Ауызашар дастарханы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ара қашықтықты сақтау талабын орындау мүмкін болмағандықтан, үйде өткізілген ауызашарда коронавирусты жұқтыру оқиғалары тіркелген

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова дәмханада ауызашар өткізуге болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Иә, қазіргі кезде тамақтану орындарына 30 адамға дейін кіргізуге рұқсат берілді. Алайда тиісті талаптар сақталуы қажет. Атап айтқанда, дезинфекциялық шаралар жүргізілуі шарт. Ал ең бастысы, адамдар арасындағы қашықтық сақталуы керек", – деді Есмағамбетова бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, үйде 30-50 адамды жинауға болмайды. Себебі ондайда арақашықтық сақталмайды. Осы уақытқа дейін ондай отбасылық шарада коронавирусты жаппай жұқтыру оқиғалары тіркелген.

Оқи отырыңыз: Есмағамбетова қандай жағдайда қатаң карантин қайта енгізілетінін айтты

Айта кетейік, 18 мамырда Қазақстанда қоғамдық тамақтану орындарын ашуға рұқсат берді. Мешіттер де жұмыс істей бастады.

Жаңалықтар
0