Қоғам

Вице-министр күзде коронавирустың екінші толқыны басталуы мүмкін екенін айтты

© Sputnik / Тимур БатыршинПробирки с тестами на коронавирус в лаборатории
Пробирки с тестами на коронавирус в лаборатории  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күзде коронавирус қайта өршісе, карантиндік шаралар сол кездегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қолға алынады

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Күзде коронавирустың екінші толқыны келсе, карантиндік шаралар эпидемиологиялық ахуалға байланысты қабылданады. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

БАҚ өкілдері вице-министрден күзде коронавирус қайта өршісе, қандай карантиндік шаралар қолға алынатынын сұрады.

"Шын мәнінде, біз күзде коронавирустың екінші толқынын күтіп отырмыз. Бірақ қандай шаралар қабылданатыны сол кездегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты шешіледі. Қандай да бір карантиндік шаралар қолға алынуы мүмкін, алайда ол індеттің таралуына байланысты болады", - деді Бюрабекова министрліктің әлеуметтік желідегі парақшасында өткен тікелей эфирде.

Қазақстанда төтенше жағдай 16 наурызда жарияланды. Режим екі айға жуық уақыт, 11 мамырға дейін созылды.

Төтенше жағдай аяқталғанмен, өңірлерде карантин әлі де сақталған. Облыстар мен қалаларда шектеу шараларының алынуы коронавирус жұқтыру өсіміне байланысты шешіледі.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 425 бала коронавирус жұқтырған

Соңғы деректерге сүйенсек, республикада барлығы 6751 адамда коронавирус анықталды. Ең көбі Алматы қаласында –  1872, Нұр-Сұлтанда – 1287, Атырау облысында 769 адам тіркеліп отыр.

Бүгінге дейін 3515 адам дертінен айықты, отыз бес науқас қайтыс болды.

Жаңалықтар
0