НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр - Sputnik. Ұлттық банк пен қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттік валюта айырбастау пунктері мен ломбардтардың 18-24 мамыр аралығындағы жаңа жұмыс кестесін бекітті. Валюта айырбастау пункттері таңғы 9-дан кешкі беске дейін жұмыс істейтін болады. Алматы мен астанадағы банктердің жұмыс уақыты - 9.00 - 18.00.
"Республика аумағында валюта айырбастау пункті және ломбардтарда қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жұмыс уақыты 9.00 - 17.00 аралығында бекітілді", – деп жазылған бірлескен бұйрықта.
Бұған дейін жұмысы қайта жанданған пункттер мен ломбардтар 10.00 - 15.00 аралығында ғана ашық болатын.
Осы аптада Алматы мен астанада банктер, сақтандыру компаниялары мен микроқаржылық ұйымдар 9.00 - 18.00 аралығында жұмыс істейді.
Еске сала кетсек, 29 сәуір күні мемлекеттік комиссия 4 мамырдан бастап жұмысқа кірісетін кәсіпкерлік субъектілерінің тізімін бекітті. Валюта айырбастау пункттері мен ломбардтар солардың қатарында. 11 мамырда Қазақстанда төтенше жағдай режимі алынды.
Тағы оқыңыз: "Жалған ақпарат": министр 13,5 млрд доллар туралы жазған блогерлерге жауап берді