Елорда тынысы

Нұр-Сұлтандағы балабақшаларда кезекші топтар ашылды

© AFP 2024 / JAY DIRECTO Ребенок играет с конструктором
Ребенок играет с конструктором - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Арнайы ұйымдар, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орталықтары да жұмысын бастайды

АЛМАТЫ, 18 мамыр –Sputnik. Дүйсенбі, 18 мамырдан астанадағы балабақшалар өз жұмысын бастайды. Кезекші топтар ашылады, әр топта ең көбі 15 баладан болады.

Елордада 377 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оған 55 708 бала барады. 94 мемлекеттік балабақшабар, жекеменшік балабақша саны – 237.

Балабақшалар қалай жұмыс істейді

Мектепке дейінгі ұйымдарда санитарлық талаптар сақталуы тиіс. Нысанда өңдеу жұмыстары жүргізілуі керек, дезинфекция құралдары және антисептиктер артығымен болуы шарт.

Балалар денсаулығы туралы анықтама болған жағдайда ғана қабылдайды. Құжатты учаскелік педиатр ұсынады. Балабақшада ата-ананың көзінше баланың дене қызуы тексеріледі.

Егер отбасы карантин кезінде баланы үйде қалдыруды шешсе, онда баланың балабақшадағы орны сақталады. Баланың балабақшаға барғысы келетіні туралы алдын ала бір күн бұрын хабарлау керек. Сонымен қатар арнайы ұйымдар, психологиялық-медициналық, педагогикалық кеңес, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орталықтары да астанада 18 мамырдан бастап жұмысқа оралады.

1 маусымнан бастап балабақшалар штаттық режимде жұмыс істейді деп жоспарланып отыр.
Сұрақтар бойынша білім басқармасының колл-орталығына хабарласуға болады: 7 (71 72) 5568 83, 55 68 73, 1445.

Басқа қалаларда балабақшалар қашан ашылады

Егер COVID-19 індетін жұқтырғандардың өсу деңгейі соңғы жеті күн ішінде 7%-тен аспаған болса, мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын қайта бастауға рұқсат етіледі. Бұл Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің 10 мамырдағы қаулысында жазылған.

Кезекші топтарға жедел-респираторлы вирус инфекциясы белгілері бар балалар алынбайды.

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин бұған дейін қалада балабақшалардың ашылмайтынын айтты. Шектеу шараларының мерзімінен бұрын алып тастау кей елде эпидемиологиялық жағдайға теріс әсер еткенін еске салды.

Жаңалықтар
0