Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда қатаң карантин қайта енгізілуі мүмкін - әкімдік мәлімдемесі

© Sputnik / Абзал КалиевЛюди в масках на пешеходном переходе в Нур-Султане
Люди в масках на пешеходном переходе в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Астаналықтар санитарлық нормаларды сақтамаса, қалада қатаң карантинді қайта енгізу шарасы қарастырылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр - Sputnik. Астаналық әкімдік тиісті санитарлық талаптар сақталмайтын болса, қатаң карантин енгізілетіні туралы ескертті.

"Адамдар барлық жерде бетперде тағып жүруі тиіс. Егер талаптар сақталмаса, астана қайта қатаң карантин режимі болады. Қалыпты өмірімізге қаншалықты тез оралатынымыз тек өзімізге байланысты", - деді елорданың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.

Әкімдіктің баспасөз қызметі санитарлық нормаларға бейжай қараған бірқатар нысан қайта жабылғанын айтты. Арасында құрылыс компаниялары, азық-түліктік емес дүкендер, мейрамхана мен дәмханалар (тапсырыс бойынша қызмет көрсету) бар.

Бұл нысандар санитарлы-эпидемиологиялық нормалардың сақталауын қамтамасыз еткенге дейін ашылмайды.

Еске сала кетсек, Қазақстанда 16 наурыз - 11 мамыр аралығында төтенше жағдай режимі болды. Ол аяқталған соң карантин режимі алынған жоқ. Бірақ біраз жеңілдетілді. Астанада қоғамдық көлік жүре бастады, бірқатар кәсіпорын жұмысына қайта кірісті, балабақшада кезекші топтар ашылды.

Жаңалықтар
0