Қоғам

Министрлік үш өңірде коронавирус жұқтырғандар неге артып жатқанын түсіндірді

© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуТест-система для определения антигена коронавируса
Тест-система для определения антигена коронавируса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өңірлерде сақталуы тиіс қатаң тәртіп жеңілдетілмейді. Керісінше, егер инфекция тыйылмаса, карантинді күшейту мәселесі қаралуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Атырау және Түркістан облыстарында коронавирус жұқтырғандардың көбеюі "Теңізшевройл" компаниясы қызметкерлерінен вирус табылуымен байланысты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол вирус жұқтыру ошағы Атырау облысындағы "Теңізшевройл" компаниясында, оның мердігер және субмердігер ұйымдарында екенін атап өтті.

"Бұл жабық ұжымдар. Қазір онда барлық қызметкер жаппай тест тапсырып жатыр. Атырау облысындағы едәуір өсім осы тексерістермен байланысты", – деді Сұлтанғазиев денсаулық сақтау министрлігінің әлеуметтік желідегі парақшасында өткен тікелей эфирде.

Ал Түркістан облысының статистикасына "Теңізшевройл" кәсіпорындарынан үйлеріне оралған вахташылар әсер еткен.

"Алгоритм пысықталды. Үйіне оралған вахташылар бірден оқшауланып, олардан анализ алынады", – деді комитет төрағасы.

Айтуынша, Шымкентте де осыған ұқсас жағдай. PetroKazakhstan компаниясының қызметкері тұмау белгілерімен ауруханаға жүгінген. Осыдан кейін компания басшылығы барлық қызметкерін тестен өткізуге шешім қабылдаған.

"Вирус жұқтырғандардың көбеюі, яғни өсім нақты бір ұжыммен байланысты", – деп түсіндірді Сұлтанғазиев.

Оқи отырыңыз: Қазақстан өңірлері вирус жұқтыру өсімі бойынша үш топқа бөлінді

Ол бұл өңірлерде карантин шаралары жеңілдетілмейтінін атап өтті. Керісінше, егер бұл облыстарда инфекция тыйылмаса, карантинді күшейту мәселесі қаралуы мүмкін.

Жаңалықтар
0