НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Дауыл Атырау облысының Құрманғазы ауданында бірқатар ғимараттардың шатырын ұшырған.
16 мамыр күні кешке аймақта қолайсыз ауа райы қалыптасып, желдің екпіні секундына тоғыз метрге жеткен. Куәгерлер суреттер мен видеоларды әлеуметтік желілерде жариялады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Төтенше жағдайлар комитеті Құрманғазы мен Сафоновка ауылындағы мектептердің шатыры ұшқанын хабарлады.
Сондай-ақ, Байда ауылының шекара заставасы аумағындағы қазандықтың төбесі бұзылып, тәлімбақ зақымданған.
Ресми дерек бойынша құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Қазгидромет 17 мамыр күні Қазақстанның бірнеше аймағында жаңбыр жауып, қатты жел болады деп хабарлаған.
Ал Атырау облысында найзағай ойнап, жел күшейеді. Кей жерлерде бұршақты жаңбыр жауады деп болжанған.