НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдай мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
Құжат төтенше жағдай кезінде мемлекеттік басқарудың жұмыс істеу механизмін анықтайды.
Заң президентке төтенше жағдайда тұрақтылықты сақтауға және ұлттық, оның ішінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шұғыл шараларды талап ететін қоғамдық қатынастарға тез араласуына мүмкіндік береді.
Төтенше жағдай кезінде қабылданған барлық құқықтық акті оның әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады.
Оқи отырыңыз: Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесінде реформа жүргізілетінін мәлімдеді
29 сәуірде төтенше жағдай мәселелері жөніндегі заң жобасына енгізілген түзетулерді мәжіліс депутаттары мақұлдады. Сенат қабылдағаннан кейін құжат мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.
Коронавирус пандемиясына байланысты 16 наурызда Қазақстанда төтенше жағдай жарияланып, 11 мамырға дейін созылды.