Қоғам

Президент Тоқаев туған күнін қалай атап өтеді

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев на совещании по программе "Цифровой Казахстан", 04.03.2020
Касым-Жомарт Токаев на совещании по программе Цифровой Казахстан, 04.03.2020 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тоқаевтың отбасында туған күнді атап өту дәстүрі болмағандықтан, ол бұл күні өз үйінде жұмыс істейді.  Аталған датаға орай ешқандай шара жоспарланбаған

НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнін қалай атап өтетіні белгілі болды. Бұл жайында президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Биылғы 17 мамыр, жексенбі күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев 67 жасқа толады. Осыған орай, оның баспасөз хатшысына бірқатар ақпарат құралдары өкілдерінен мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтетіні туралы сауал жолданған.

"Қасым-Жомарт Кемелұлы үйінде жұмыс істейді. Аталған датаға орай ешқандай шара өтпейді. Тіпті, президент әкімшілігінің қызметкерлеріне туған күнімен құттықтамау, естелік сыйлықтар тарту етпеу туралы ескерту жасалды", – деп жазады Уәли Facebook парақшасында.

Сондай-ақ, Уәли президенттің бұл күнді тойлағанды ұнатпайтынын айтады. Өйткені ол кісінің отбасында балалардың да, ересектердің де туған күні тойланбайды. Ондай дәстүр қалыптаспаған.

"Дегенмен, ертең Қасым-Жомарт Кемелұлын туған күнімен көршілес мемлекеттердің басшылары телефон арқылы құттықтайды деп күтілуде", – деп толықтырды Тоқаевтың баспасөз хатшысы.

Оқи отырыңыз: Тоқаев президенттің өкілеттігін кеңейтетін заңға қол қойды

Оның айтуынша, қазірдің өзінде көптеген мемлекет және үкімет басшыларының, парламент төрағалары мен халықаралық ұйым жетекшілерінің құттықтаған жедел хаттары келіп жатыр.

Жаңалықтар
0