Қоғам

Елордадағы сауда орталықтарын ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр – Жанна Пірәлиева

© Sputnik / Ксения ВоронинаСотрудник торгового центра наливает антисептик для обработки рук
Сотрудник торгового центра наливает антисептик для обработки рук - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жұмысты қалпына келтірудің басты шарты – бір апта бойы коронавирус індетінің таралу деңгейін 5% -тен асырмау

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 18 мамырдан бастап сауда және ойын-сауық орталықтары мен дәмханалар жұмысын қайта бастауы мүмкін. Бұл туралы әкімдікте өткен брифингте елорданың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, сауда және ойын-сауық орталықтары мен басқа да нысандардың жұмысын қайта жандандыру туралы соңғы шешім апта қорытындысы бойынша қабылданады. Коронавирустың таралу деңгейі 5% -тен аспаған жағдайда нысандар ашылады.

Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі сауда және ойын-сауық орталықтары 18 мамырдан бастап ашылмайтынын, мәселе шектеулерді алып тастаудың келесі кезеңінде қаралатынын хабарлады. Сауда орталықтары елордада 25 мамырдан бастап жұмыс істеуі мүмкін.

Оқи отырыңыз: Бас мүфти Қадір түнінде мешіттер жабық болатынын айтты

Бұған дейін 18 мамырда қоғамдық тамақтану орындары ашылатыны туралы хабарланған болатын. Бұл тізімге 50 орынға дейінгі дәмханалар мен мейрамханалар кіреді.

Сондай-ақ дүйсенбіден бастап балабақшалардағы кезекші топтардың, жеке сабақтарға арналған түзету кабинеттерінің жұмысы қайта жанданады.

"Ойын-сауық нысандарын, тамақтану орындарын, сұлулық салондарын іске қоспай, сауда және ойын-сауық орталықтарының жұмысын қалпына келтіру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Халыққа қызмет көрсету орталықтарын ашу жайы қарастырылуда", - деді Жанна Пірәлиева.

Елоданың бас санитар дәрігері қатты қажеттілікке байланысты кейбір халыққа қызмет көрсету орталықтары 4 мамырда жұмысын бастағанын еске салды. Індетке шалдыққандардың саны төмендеген жағдайда 18 мамырдан бастап ХҚКО толығымен жұмыс істей бастайды.    

Жаңалықтар
0