Оқиға

Әйелі коронавирус жұқтырды - адвокат Өтебеков жазба жариялады

© Sputnik / Сергей КимДжохар Утебеков
Джохар Утебеков - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Джохар Өтебеков пен балалары Covid-19 тестін тапсырды. Қазіргі уақытта сынама қорытындысын күтіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр– Sputnik. Адвокат Джохар Өтебеков әйелі коронавирус жұқтырғанын хабарлады. Ол балаларымен бірге Covid-19 тестін тапсырды. Сынама қорытындысы әлі шыққан жоқ.

"Әйелім тапсырған тест COVID-19 жұқтырғанын растады. Ол инфекциялық модульде жатыр. Мен екі баламызбен 1-ші ауруханадамын. Кеше тест тапсырдық. Қалалық денсаулық сақтау бөлімі анализдерді бүгін нақтылайды деп сенемін. Бірақ онсыз да тест қорытындысы қандай болатыны белгілі", - деп жазды Өтебеков Facebook парақшасында.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрінің бұрынғы  орынбасары Қамалжан Надыров коронавирус жұқтырғаны хабарланды. Тест қорытындысы 21 сәуір күні шықты. 22 сәуірде ол Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі қызметіне кірісуі тиіс болатын.

Барлығы елде 5 689 адам вирус жұқтырды. 2 531 адам жазылып шықты, 34 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0