Өңірлер

Полиция Алматы автовокзалындағы "митинг" туралы видеоның авторын анықтады

© Sputnik / Владислав ВодневМобильный телефон в руке, архивное фото
Мобильный телефон в руке, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Сайран" вокзалына жиналған халық митинг өткізіп жатқаны туралы ақпаратқа Алматы полициясы түсініктеме берді

АЛМАТЫ, 15 мамыр – Sputnik. Алматы полициясы рұқсат етілмеген митинг өткізілгені туралы видеороликке түсініктеме берді. Автор не болып жатқанын түсінбей, әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқаны белгілі болды.

Бір күн бұрын әлеуметтік желіде Алматыдағы "Сайран" автовокзалы алаңының маңында көп адам жиналғаны туралы видео жарияланды.  

Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында Whatsapp арқылы елді дүрліктірген әйел ұсталды 

Видео авторы кадр сыртында болып жатқан оқиғаға түсініктеме беріп, "ереуілді оқшаулауға әскери қызметкерлер келгенін" айтады.   

"Аласапыран болып жатыр", - дейді видеоны түсірген адам.

Бұл дерекке Алматы полиция департаменті түсініктеме берді.

"Бұл кеше, 14 мамырда болды. Бірақ ол ереуіл де, митинг те емес. Автовокзалға Қордайдан әскерден қайтарылған сарбаздар жеткізілді. Адамдардың көбісі оларды қарсы алған туыстары", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Ол сондай-ақ жедел қызметкерлер әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан ер адамның кім екенін анықтағанын айтты. Қандай шара қолданылатыны оның іс-әрекетіне құқықтық баға берілгеннен кейін белгілі болады.  

Жаңалықтар
0