Қоғам

Төтенше жағдай кезінде 50 мыңға жуық бала дүниеге келді  

© Photo : pixabay.comРука младенца, иллюстративное фото
Рука младенца, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда төтенше жағдайдың екі айында некеге тұрғандар саны үш еседен астам – 2,8 мыңға дейін төмендеді

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Қазақстанда төтенше жағдай кезінде, 16 наурыздан 11 мамырға дейін 49 171 бала дүниеге келді. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға әділет министрлігі хабарлады.

Төтенше жағдай кезінде қанша неке қиылғаны да белгілі болды.

"16 наурыздан 11 мамырға дейінгі аралықта 2 875 неке тіркелді. 2019 жылдың осы кезеңінде 9 597 жұп некеге отырған еді", - деп хабарлады "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ.

Айта кетейік, карантин жарияланған елді мекендерде төтенше жағдай кезінде некені тіркеуге онлайн режимінде өтініш беруге рұқсат етілді, алайда карантин аяқталғаннан кейін ғана некелесуге болады.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан тұрғыны далада жүгіргені үшін қамауға алынды 

Қазақстанда карантин кезең-кезеңмен енгізілді. Ең алдымен, 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары жабылды.

Сәуірде Қазақстанда айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) көлемі артты, қазір ол 2778 теңгеге тең (бұрын 2651 теңге болатын). Осыған байланысты түрлі құжаттарды рәсімдеу құны өзгерді.

Жаңалықтар
0