Өңірлер

Талдықорғанда коронавирус жұқтырған алғашқы адам ауруханаға түсті

© Sputnik / Тимур БатыршинПробирка с тестом на коронавирус
Пробирка с тестом на коронавирус  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Науқастың жағдайы қанағаттанарлық, 157 адам онымен қарым-қатынаста болған. Барлығы тексерістен өткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Талдықорған коронавирустан таза қалалардың тізімінен шықты. Бүгін арнайы баспасөз мәслихатын өткізген өңірдің бас эпидемиологы бір адамның індетті жұқтырғанын растады.

Тәртіп сақшысы болып еңбек ететін науқас Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасына жатқызылды. Жағдайы қанағаттанарлық. Онымен қарым-қатынаста 157 адам болған. Олардың барлығы тексерістен өткізілді, деп хабарлады "Хабар 24".

Етене жақын араласқан 11 туысы мен қызметтесі карантинге алынды. Қалғаны үй жағдайында бақылауда.

Оқи отырыңыз: Күн көзі коронавирусты өлтіре ме – қазақстандық инфекционист жауап берді 

Жалпы облыста бір күнде 7 адамнан ауру белгілері анықталды. Соның алтауы Кеген ауданында, біреуі Талдықорғанда тіркеліп отыр.

"Бір жағдайға бола Талдықорғанды жаппаймыз. Егер эпидемиологиялық жағдай өршіп жатса, онда карантин енгізуге тура келеді. Ал жағдай тұрақты болса, 18-інде межведмстволық комиссияның шешімімен базарларды ашамыз. Содан кейін 30 адамға дейінгі дәмханалар жұмыс істейді. Кейін балабақшалар мен мешіт, шіркеулер ашылады", - деді облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қайрат Баймұхамбетов.  

Жаңалықтар
0