Қоғам

"Самұрық-Қазына" қоры қашықтан жұмыс істеуді жалғастыра беретінін мәлімдеді

© REUTERS / Eloy MartinМолодые люди во время удаленной работы из дома в Гдыне, Польша
Молодые люди во время удаленной работы из дома в Гдыне, Польша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Карантин кезінде қашықтан қызмет көрсетудің тиімділігі артқан. Ал икемді жұмыс кестесі тапсырманы сапалы орындауға мүмкіндік берген

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. "Самұрық-Қазына" қорының басшылығы карантиннің арқасында қашықтын жұмыс істеудің тиімділігін түсінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әлішер Пірметовтың айтуынша, карантиннен кейін қордың операциялық жұмысы өзгереді. Бас кезінде қашықтан жұмыс жасау жүйесі мәжбүрлі шара ретінде қарастырылған. Алайда қазіргі кезде басшылық пен қызметкерлер осы форматың тиімділігіне көз жеткізіп отыр.

"Мысалы, тек корпоративті орталықта ғана қызметкерлердің 30 проценті қашықтан жұмыс істей беретін болады. Негізі, осы форматтың тиімділігі зор. Операциялық шығыстар да азайып отыр. Сәуір айында ғана орталық кеңсемізді ұстауға кететін шығындар, көлік қызметі, кеңсе заттары және тағы басқа шығыстар екі есеге қысқарды. Бұрын біз соның бәріне 20 миллион теңге жұмсасақ, бүгінде осы сома 10 миллион теңгеге дейін азайып отыр", - деді Пірметов бүгінгі онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің шығармашылық әлеуеті артты. Ал икемді жұмыс кестесі берілген тапсырманы тиімді орындауға мүмкіндік беріп отыр.

Оқи отырыңыз: Төтенше жағдайда қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы қалай төленеді

"Біз қызметкерлер арасында сауалнама жүргіздік. Олардың басым бөлігі оң баға берді. Карантин кезінде қашықтан жұмыс істеудің арқасында жұмыс сапасы төмендеген жоқ, қайта тиімділігі артты", – деп атап көрсетті Пірметов.

Жаңалықтар
0