Қоғам

"Бәйтерек" холдингінің бірнеше лауазымды қызметкері ұсталды  

© AP Photo / Michael ProbstНаручники, фото из архива
Наручники, фото из архива - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдікке ілінгендерге консультациялық қызметтерді сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Бәйтерек" холдингінің бірқатар қызметкеріне қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

1-ші департаменттің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, лауазымды тұлғалармен бірге тағы бірнеше адам тергеуге алынды. Оларға бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айып тағылып отыр.

"Бәйтерек" холдингінің лауазымды тұлғалары және басқа адамдар консультациялық қызметтерді сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Ол ақша холдингтің еншілес ұйымы – "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ-на берілген. Қылмыс кезінде 197 миллион теңге ұрланды", – деді Биғайдаров бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, "Қазсушар" РМК қызметкерлері де тура солай бюджет қаражатын жымқырды. Осы кәсіпорында баға мен тариф саясаты бойынша консультациялық қызметтерді сатып алу кезінде 3 миллион теңгеге жуық ақша ұрланған. Бірнеше қызметкерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз: Жемқорлық үшін бірінші басшы жазаланады - Тоқаевтың тапсырмасы қалай орындалып жатыр?

Жаңалықтар
0