Қоғам

"5-10-20" тұрғын үй бағдарламасы шілдеде іске қосылады

© Sputnik / Владислав ВодневНовостройка, архивное фото
Новостройка, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа тұрғын үй бағдарламасының шарттары мамырда немесе маусымның басында үкіметтің арнайы қаулысымен бекітіледі

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова "5-10-20" жаңа тұрғын үй бағдарламасының басталатын уақытын атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Жоспар бойынша мамырда немесе маусымның басында жаңа бағдарламаның шарттары үкіметтің арнайы қаулысымен бекітіледі. Ол "Нұрлы жер" бағдарламасының бір бөлігі болады", - деді Ибрагимова Tengri TV арнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жаңа бағдарлама бойынша жұмыс істеуге дайын. Алайда алдымен бюджеттен ақша бөлінуі керек.  

"Біз ақшаның бөлінгенін күтіп отырмыз. Дағдарысқа қарсы жоспар бойынша үкіметтің қаулысын бекіту мен қаржы бөлу сияқты процедуралар бірінші жартыжылдықта атқарылуы қажет. Сондықтан 1 шілдеден бастаймыз деп сенеміз", - деді Ибрагимова. 

Оқи отырыңыз: "5-10-20" жаңа бағдарламасы бойынша қалай үй алуға болады 

Айта кетейік, жаңа тұрғын үй бағдарламасына кезекте тұрған адамдар ғана қатыса алады. Бүгінде республика бойынша олардың жалпы саны – 540 мың адам. Соның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік мекеме мамандары, толық емес және көпбалалы отбасылар, мүгедектер, зейнеткерлер, әскерилер мен мүгедек баласы бар отбасылар бар.

Жаңалықтар
0