Қоғам

Қазақстанда төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін салынатын айыппұл 10 есе өседі

© Sputnik / Владислав ВодневТөтенше жағдай режимі кезіндегі астана
Төтенше жағдай режимі кезіндегі астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін түзетулерге сәйкес, төтенше жағдай режимін бұзғандар 100 АЕК немесе 277 800 теңге айыппұл арқалайды

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Мәжіліс депутаттары төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтетін заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілісте кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша түзетулер енгізу туралы заң жобасы қаралды. Оған сәйкес, 43 заңнамалық актіге өзгерістер енгізу ұсынылып отыр.

"Елдегі төтенше жағдай кезінде режимді бұзғаны немесе шектеу шараларының талаптарын орындамағаны үшін жауаптылықты күшейту бөлігінде "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекске түзетулер қабылданды", - делінген заң жобасының қорытындысында.

Әкімшілік айыппұл 10-нан (27 780 теңге) 100 АЕК-ке дейін (277 780 теңге) ұлғайтылды немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған. Егер заң бұзушылық қайталанса, 200 АЕК (555 600 теңге) айыппұл салынады не 30 тәулікке дейін қамауға алынады.

Тағы оқыңыз: Дауға айналған мәселе: Бекболат Тілеуханның түзетулері қабылданбады

Сонымен қатар, заң жобасында өз кәсіптік міндеттеріне ұқыпсыз қарайтын медицина қызметкерлерінің жауапкершілігі күшейтілді. Атап айтқанда, оларға салынатын айыппұл мөлшері және басқа да жауаптылық шаралары денсаулыққа зиян келтірудің ауырлығына байланысты белгіленді.

Медицина қызметкерлерінің мәртебесін күшейту үшін медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік қызметіне заңсыз араласу жағдайларын нақтылайтын түзетулер енгізілді. Әкімшілік айыппұлдардың мөлшері жеке тұлғаларға 7-ден 50 АЕК-ке дейін (19 446 теңгеден 138 900 теңгеге), лауазымды адамдарға 20-дан 75 АЕК-ке дейін (55 560 теңгеден 208 350 теңгеге), заңды тұлғаларға 75-тен 150 АЕК-ке дейін (208 350 теңгеден 416 700 теңгеге) ұлғайтылды.

Тағы оқыңыз: 21 жасқа толмаған қазақстандықтарға темекі сатып алуға тыйым салынады 

Еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парақты немесе анықтаманы беру қағидаларын бұзатын медицина қызметкерлерінің жазасы қатаңдатылды. Заңды бір емес, екінші рет бұзғаны үшін денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатынан айыра отырып, не онсыз әкімшілік айыппұл түрінде жауапқа тартылады.

Заң жобасында сапасыз вакциналар үшін де жауапкершілік көзделген.

Адам денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соққан, вакциналарды әкелу, сатып алу, тасу, сақтау қағидаларын бұзғаны үшін 100-ден 1000 АЕК-ке (27 780 теңгеден 277 800 теңгеге) дейін әкімшілік айыппұл белгіленді.

Жаңалықтар
0