Қоғам

Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды – бас санитар дәрігер

© Sputnik / Владислав ВодневСимвол столицы Казахстана - Байтерек оцеплен в Нур-Султане
Символ столицы Казахстана - Байтерек оцеплен в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Автобустар міндетті түрде дезинфекциядан өтеді. Ал қоғамдық көлікке жолаушыларды отырғызу тәртібін арнайы мобильді топтар бақылап жүр

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова карантин кезінде қоғамдық көлікпен жүру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгінде барлығы бірдей көлік мініп жүрген жоқ. Сосын кейбір жұмыс берушілер өз қызметкерлерін жеткізуді ұйымдастыра алмауы мүмкін. Сол себепті қоғамдық көлік қозғалысы бірқатар шектеумен қайта басталды. Алайда автобустың үш есігін ашу, барлық жолаушының бетперде киюі сынды қатаң талаптар бар. Сосын салондағы орындардан артық адам мінгізуге болмайды", - деді Есмағамбетова бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, автобустар міндетті түрде дезинфекциядан өтеді. Ал қоғамдық көлікке жолаушыларды мінгізу тәртібін арнайы мобильді топтар бақылап жүр. 

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда автобустар қалай жүретін болады

"Ондай топтар шұғыл штабтардың жанынан құрылған. Топтың құрамына полицейлер мен санитарлар кіреді. Мысалы, бүгін әрбір аялдамада мамандар тұрды. Олар жолаушыларды мінгізу тәртібін қадағалады. Бетпердесіз автобусқа кіргізген жоқ", - деп атап көрсетті Есмағамбетова.

 

Жаңалықтар
0