Өңірлер

Түркістан облысында карантин мерзімі ұзартылды

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской областиВиды города Туркестан
Виды города Туркестан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Карантин аяқталғанға дейін елді мекендерде қоғамдық көлік қатынамайды. Діни ұйымдар да жабық болатыны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр — Sputnik. Түркістан облысында карантин режимі 25 мамырға дейін ұзартылды. Бұл ретте бірқатар шектеулер сақталады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов онлайн-брифингте мәлімдеді.

"Көрші аймақтармен шекарадағы санитарлық блок бекеттер жұмысын жалғастырады. Тұрғындарға қалааралық, ауданаралық және елдімекендер арасында қатынауға қойылған шектеу күшінде қалады", - деді ол.

Қоғамдық орындар мен демалыс орындары, саябақтар жұмысын бастайды.

Карантин режимі аяқталғанша елді мекен ішіндегі қоғамдық көліктер мен діни бағыттағы нысандар жұмысын бастамайды.

Спорттық, мәдени іс-шаралар өткізілмейді. Азық-түлік базарларының жұмысы таңғы сағат 10.00 мен кешкі 17.00 арасында жалғасса, киім-кешек, өзге де заттар сататын дүкендер дезинфекция жұмыстарын күшейтілген режимде жүргізе отырып, таңғы 9.00-20.00 аралығында жұмыс істейді.

Балабақшаларда кезекші топтар өз жұмысын бастайды. Алайда, мұнда тек ауруханадан анықтамасы бар тәрбиешілер ғана жұмыс істеуі тиіс. Бүлдіршіндердің денсаулығына қатысты анықтама талап етіледі.

Сұлулық салондары, тігін цехы, аяқ киім жөндеу орындары, шаштараз, тіс емдеу секілді шағын кәсіпкерлік нысандары да алдын ала жазылу бойынша жұмысын бастай алады.

Тағы оқыңыз: Тоқаев: Карантин өңірлерде біртіндеп алынады

Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің 50 проценті жұмысты қашықтықтан жалғастырады.

Үйден шығуға, серуендеуге тек маска тағып, ара қашықтықты сақтаған жағдайда рұқсат етіледі.

Тұрғылықты жерде отбасылық мерекелер, туған күн, той-жиын өткізуге, үш адамнан артық топтың көшеде және қоғамдық орындарда жиналуына салынған тыйым күшінде қалады. Жасы 65 жастан асқан азаматтарды оқшаулау жалғасады.

Халыққа қызмет көрсету қызметі орталығы мен екінші деңгейлі банктер, «Қазпошта» бөлімшелері қазіргі таңда жұмысын бастады. Демалыс орындары, қонақ үйлер, туристік нысандарға санитарлық талаптарды сақтаған жағдайда жұмысын бастауға рұқсат етіледі.

Жаңалықтар
0