НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Қазақстанда тағы 33 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлайды мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
"Атырау облысында – 17, Қызылорда облысында – 1, Жамбыл облысында – 3, Нұр-Сұлтан қаласында – 5, Батыс Қазақстан облысында – 1, Алматы қаласында – 3, Қостанай облысында – 2, Маңғыстау облысында – 1 адамнан коронавирус табылды", – делінген баспасөз хабарламасында.
Жалпы алғанда эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстандағы науқастар саны 5 240 адамға жетті.⠀
- Нұр-Сұлтан қаласы – 1103
- Алматы қаласы – 1596
- Шымкент қаласы – 239
- Ақмола облысы – 110
- Ақтөбе облысы – 176
- Алматы облысы – 183
- Атырау облысы – 340
- Шығыс Қазақстан облысы – 51
- Жамбыл облысы – 185
- Батыс Қазақстан облысы – 255
- Қарағанды облысы – 197
- Қостанай облысы – 68
- Қызылорда облысы – 231
- Маңғыстау облысы – 130
- Павлодар облысы – 154
- Солтүстік Қазақстан облысы – 36
- Түркістан облысы – 186.
Ресми ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда коронавирустан 2 074 адам жазылып шықты, 32 адам қайтыс болды.