Қоғам

Хакерлер мемлекеттік органдардың сайттарына шабуыл жасады

© Sputnik / Тимур БатыршинЦентр обслуживания населения (ЦОН)
Центр обслуживания населения (ЦОН) - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда мемлекеттік органдардың, соның ішінде eGov.kz интернет-ресурстарына кіруде бірқатар мәселелер туындады

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Хакерлер Қазақстандағы мемлекеттік органдардың сайттарына шабуыл жасады. Ұлттық ақпараттық технологиялар (ҰАТ) акционерлік қоғамының мәліметтері бойынша, электрондық үкімет порталының жұмысында бірқатар мәселелер туындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Жеке мәліметтердің әшкереленуі анықталған жоқ", – деп мәлімдеді акционерлік қоғам өкілдері.

Мемлекеттік органдардың сайттарына кім шабуыл жасады?

Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарындағы проблемалар сейсенбі, 12 мамыр күні тіркелді.

Проблемалар EGov.kz порталы мен "Е-лицензиялау" және басқа да  электрондық үкіметтің барлық құрамдас бөліктерінде байқалды.

"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік техникалық қызметімен бірлескен жедел жұмыс жүргізу нәтижесінде, мемлекеттік сектордағы интернет-ресурстарға қатысты шетелдік интернет сегментінен DDoS-шабуылы тіркелді", – делінген хабарламада.

Ұлттық ақпараттық технологиялар компаниясының дерегі бойынша шабуыл 48 елден 550-ден астам IP-мекен жайдан жасалған.

Оқи отырыңыз: Байланыс операторлары интернет неге баяу істеп тұрғанын түсіндірді

"Ресурстардың жұмысына шабуылдың әсерін азайту және оны толығымен оқшаулау бойынша шаралар қабылдануда", – деп хабарлады компания өкілдері.

DDoS-шабуылы дегеніміз не?

DDoS-шабуылы (Distributed Denial of Service attack) – бұл интернет-ресурсты толығымен немесе ішінара өшіруге болатын әрекеттер жиынтығы.

Мұндай әрекет құрбанына веб-сайт пен ойын сервері немесе мемлекеттік ресурстар айналуы мүмкін.

Айта кетейік, сәуір айында орташа есеппен минутына 60 мың адам кіретін мектеп жүйесіндегі Kundelik.kz сайтына DDoS-тің екі рет шабуылы тіркелді.

Жаңалықтар
0