Экономика

Дәленов карантиннің ел экономикасына қалай әсер еткенін айтып берді

© Sputnik / Владислав ВодневМинистр национальной экономики Даленов Руслан
Министр национальной экономики Даленов Руслан  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сәуірде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сауда үштен бірге, әкімшілік қызмет көрсету 22,5%-ке төмендеді

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов карантиннің отандық экономикаға қалай әсер еткенін айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, қаңтар-сәуір айларында тауарлар өндірісі 5,8%-ке өсті. Ал көрсетілетін қызметтер 4%-ке азайған.

"Осының салдарынан жалпы ішкі өнім 0,2%-ке төмендеді. Қызметтер саласындағы төмендеу қабылданған карантиндік шектеулермен байланысты. Жылдық инфляция 6,8% болды", - деді Дәленов үкімет отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, өндіріс секторындағы өсу өңдеу өнеркәсібі, кен өндіру, құрылыс пен ауыл шаруашылығының есебінен қамтамасыз етілді. Қызмет көрсету саласында көлік қызметтері 11%-ке, сауда 8,9%-ке, әкімшілік қызметтер көрсету 4%-ке және жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар 2,7%-ке төмендеді. Ал байланыс қызметтері 9,6%-ке артты.

Оқи отырыңыз: Смайылов 5,9 трлн теңге қалай жұмсалатынын айтты 

Осы орайда министр бір карантиндік айда қызмет көрсету саласының қалай өзгергенін де көрсетіп берді.

"Егер сәуірді жеке қарайтын болсақ, өткен жылғы сәуірмен салыстырғанда көрсетілетін қызметтер секторы 17,5%-ке төмендеді. Атап айтқанда, сауда және көлік үштен бірге, әкімшілік қызмет көрсету 22,5%-ке және жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар 9,9%-ке төмендеді. Бұл төмендеу карантиндік шектеу шараларымен байланысты", - деп түсіндірді Дәленов.

Жаңалықтар
0