Экономика

Үкімет келесі жылы мұнайдан түсетін табысқа иек артпайды – вице-премьер 

© Sputnik / Борис Бабанов / Медиабанкке өтуМесторождение Тенгиз
Месторождение Тенгиз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлихан Смайылов қазір үкімет алдағы үш жылда бюджеттің табысын арттырып, шығындарды азайту үшін жұмыс істеп жатқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Қазақстан үкіметі болашақта мұнайдан түсетін табысқа иек артпай, шикізаттық емес секторда салық түсімін ұлғайтуға ден қояды. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Ол жыл соңына дейін республикалық бюджетте мұнай бағасы барреліне 20 доллар шамасында белгіленгенін атап өтті.

"Осыған байланысты біз мұнай секторынан қандай да бір түсімдерді жоспарлап отырған жоқпыз. Келесі жылы да мұнай бағасы осы мөлшерден сәл ғана жоғары болады деп күтіп отырмыз. Тиісінше үкімет келесі жылы мұнай табысына иек артпайды, оның орнына шикізаттық емес секторда мұнай базасын ұлғайту бағытында жұмыс істейді", - деді Смайылов үкімет үйінде өткен онлайн брифингте. 

Айтуынша, қазір үкімет алдағы үш жылда бюджеттің табысын арттырып, шығындарды азайту үшін жұмыс істеп жатыр. 

Смайылов 2023 жылға қарай мұнай емес тапшылықты екі есеге, ЖІӨ-нің 5,3%-не дейін төмендету жоспарда бар екенін айтты. 

Биыл коронавирусқа байланысты сәуір айында республикалық бюджетке түзетулер енгізілген еді. 

"Ол, негізінен, жұмыспен қамтуды, халықтың табысын арттыруды, сонымен қатар бизнеске қолдау көрсету үшін қайта қаралды", - деді қаржы министрі. 

Республикалық бюджетке бұдан кейін де түзетулер енгізіп-енгізбеуді қаржы министрлігі бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша анықтайды.

Жаңалықтар
0