Экономика

Төтенше жағдай салдары: министрлік жұмыссыздыққа қатысты болжамын бөлісті 

© Sputnik / Михаил Фомичев / Медиабанкке өтуБезработица. Архивное фото
Безработица. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Республикада төтенше жағдай жарияланғанға дейін жұмыссыздық деңгейі 4,8% шамасында болған. Министр бұл көрсеткіш жыл соңына дейін қаншаға өсетінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі жыл соңына дейін 5,9%-ке дейін өсуі мүмкін. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Министр еңбек нарығындағы ахуал, ең алдымен, карантиннің жеңілдеуіне және кәсіпорындардың іске қосылуына байланысты болатынын атап өтті. Сонымен қатар экономиканы жандандыру шаралары да өз ықпалын тигізеді. 

"Жұмыспен қамтуды қалпына келтіру процесінің өзі анағұрлым күрделі болады. Десе де, біз еңбек министрлігі деңгейінде болжам жасадық. Егер карантин шараларын жеңілдетудің негізгі көлемі маусым-шілде айларына түссе, жұмыспен қамту толығымен осы жылдың төртінші тоқсанында басталады. Жыл қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 5,9% болуы мүмкін", - деді Нұрымбетов үкімет үйінде өткен онлайн брифингте. 

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтан қаласында 12 мамырдан бастап қоғамдық көлік жүреді

Ол төтенше жағдай жарияланғанға дейін елімізде жұмыссыздық 4,8% деңгейінде болғанын айтты. 
Еңбек министрлігі биыл 1 миллион 200 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.

Жаңалықтар
0