Қоғам

Төтенше жағдай аяқталды: министр 42 500 теңгеге өтініш беру туралы айтты

© Sputnik / Абзал КалиевМинистр труда и социальной защиты Казахстана Биржан Нурымбетов
Министр труда и социальной защиты Казахстана Биржан Нурымбетов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінге дейін 4 миллион 539 мың адам әлеуметтік төлем алған, барлығы 193 миллиард теңге бағытталды

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. 11 мамырдан бастап әлеуметтік төлемді алуға өтініш беру тоқтатылды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгін төтенше жағдай мерзімі аяқталды. Сондықтан да біз бүгіннен бастап жаңа өтініштерді қабылдауды тоқтатамыз. Бірақ 11 мамырға дейін өткізілген өтініштердің барлығы міндетті түрде қаралып, ережеге сәйкес болса, тағайындалып төленеді", - деді министр үкімет үйінде өткен онлайн брифингте.

Айтуынша, бүгінге дейін 4 миллион 539 мың адамға 42 500 теңге тағайындалып төленді. Барлығы 193 миллиард теңге бағытталған.

"Төтенше жағдайдың бірінші айында, яғни 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар, олардың саны 3 миллион 735 мың адам, екінші айға да төлем алуға құқылы", - деді министр.

Министрлік демалыстың алдында, 5-6 мамыр күні екі миллионға жуық адамның өтінішін рәсімдеп, банктерге 99 миллиард теңге жіберген.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы кредит алғандарға қатысты тағы бір тапсырма берді

Жаңалықтар
0