НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Елордада 12 мамырдан бастап қоғамдық көлік жұмысы қайта жанданады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Мемлекет басшысы қоғамдық көлік жұмысын қайта жандандыруға баса назар аударды. Ертеңнен бастап (12 сәуір – Sputnik) автобустар қайтадан іске қосылады", - деді Бақтияр Мәкен.
Ол қоғамдық көлік жайлы толық ақпаратты қала әкімдігі кейінірек хабарлайтынын айтты.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда карантин режимі енгізілген соң қоғамдық көлік жұмысы тоқтатылған болатын. Қала тұрғындары қала ішінде тек жеке көліктері және такси арқылы қатынады.
11 мамырда Қазақстанда төтенше жағдай режимі аяқталды, алайда Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимі жалғасады.
Нұр-Сұлтан қаласында 1083 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, 404 адам емделіп шықты, 3 адам қайтыс болды.
Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда такси жүргізушіден коронавирус табылды
Қала бойынша ПТР әдісімен коронавирусқа 40 мың тест алынды және 24 мың экспресс-тест тапсырылды. Қалада күн сайын үш мыңнан аса адам коронавирусқа тексеріліп жатыр.