Спорт

Спорттағы карьерасын аяқтаған Ильин қандай қызметке тағайындалды

© Sputnik / Владислав ВодневПресс-конференция в студии Sputnik с участием Ильи Ильина
Пресс-конференция в студии Sputnik с участием Ильи Ильина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Атақты ауыр атлет спорттағы карьерасын аяқтағанын мәлімдеді, ол менеджментке ден қою туралы шешім қабылдады

АЛМАТЫ, 11 мамыр– Sputnik. Ауыр атлетикадан әлем чемпионы Илья Ильин Қызылорда қаласындағы "Мұз айдыны" спорт кешенінің директоры қызметіне тағайындалды.

"Токиода өтетін Олимпиада ойындарына қатысамын деп ойладым. Алайда әлемдегі басты спорт шарасы кейінге қалдырылды. Сондықтан спорттағы карьерамды аяқтадым",- деді Ильин.

Айтуынша, қазір ол спорт менеджменті саласындағы жұмысқа назар аударады. Сондай-ақ, Ильин болашақта бапкерлік қызметке де кірісетінін айтты.

Еске сала кетейік, 2016 жылы Илья Ильин қанынан тыйым салынған заттар табылуына байланысты 2008 және 2012 жылы Олимпиада ойындарында алған екі алтын медалінен айырылған болатын. Ильин 2018 жылы үлкен спортқа қайта оралды, бірақ денсаулығына байланысты спорттағы бұрынғы деңгейіне көтеріле алмады.

Жаңалықтар
0