Өңірлер

Өзбекстанда бөгет бұзылды: эколог апаттың салдары туралы айтты

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской областиПодтопления в Мактааральском районе Туркестанской области
Подтопления в Мактааральском районе Туркестанской области  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өзбекстандағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Қазақстанның оңтүстігіндегі елді мекендер мен егіс алқаптары су астында қалды

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Өзбекстан экологиялық партиясы атқару комитетінің төрағасы Бөрі Әлиханов төтенше жағдайдың зардаптарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Су тасқыны егіс алқабы мен өсімдіктер әлеміне, жер мен жабайы табиғатқа әсер етті. Біз жер кадастрының ресми картасын жасауымыз керек. Мен сол жерлерде болып, қарап шықтым. Кейбір жерлерде топырақ эрозиясына елеулі зақым келгені байқалады, ал кей жерлерде онша емес", – деді Әлиханов.

Ол Орта Азия территориясының 70%-і аридті (құрғақ) аймаққа жататынын еске салды.

"Бұл дегеніміз судың тезірек буланып кетуін білдіреді. Биылғы жылы су тасқыны орын алғанымен, менің ойымша аймақта (жазда) су тапшылығы болмайды", – деді Әлиханов Sputnik Өзбекстанға берген сұхбатында.

Ол гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне де алаңдайтынын білдірді. Сондай-ақ мұндай ашық су қоймалары арқылы термореттеуге, тек Өзбекстанның белгілі бір аймағы ғана емес, бүкіл Орталық Азия қатысатынын атап өтті.

Айта кетейік, бөгеттің бұзылуы салдарынан Қазақстанның Мақтаарал ауданында 1 030-нан астам үй, мектептер мен балабақшалар және медициналық нысандар су астында қалды.

Оқи отырыңыз: Су қоймасы апатынан зардап шеккендерге мыңнан астам үй салынады – Тоқаев

Елді мекендерден 31 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Түркістан облысында техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды.

Жаңалықтар
0