Қоғам

Қазақстандағы төтенше жағдай: Тоқаев мәлімдеме жасайды

© Sputnik / Владислав ВодневРезиденция президента Казахстана Акорда
Резиденция президента Казахстана Акорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекеттік комиссия отырысы дүйсенбі, 11 мамыр күні өтеді. Жиында төтенше жағдай режимі аяқталған соң үкімет пен өзге де мемлекеттік органдар қолданатын шаралар стратегиясы талқыланады

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр - Sputnik. Дүйсенбі, 11 мамыр күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізеді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

"Жиын барысында мемлекет басшысы коронавирустың қазіргі ахуалын саралап, төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейінгі үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың алдағы стратегиялық іс-әрекетін айқындайтын мәлімдеме жасауды жоспарлап отыр", - деді Уәли.

Айта кетсек, 16 наурызда Қазақстанда төтенше жағдай режимі жарияланған болатын. Кейін мамырдың біріне дейін ұзартылды.

27 сәуір күні Ақорда сайтында президенттің үндеуі жарияланды. Ол төтенше жағдай режимі 11 мамырда алынуы мүмкін екенін хабарлады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 5 056 адамда коронавирус анықталды. 1 828 адам жазылды, 31 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0