Қоғам

Бекшин төтенше жағдайдан кейінгі карантин туралы айтты

© Sputnik / Тимур БатыршинЛюди в масках на улицах Алматы
Люди в масках на улицах Алматы  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері тұрғындар бетперде тағып, қауіпті індеттің алдын алу үшін дезинфекциялық және антисептикалық құралдарды пайдалануды жалғастыруы керек екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр - Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін де карантин талаптарын сақтауға шақырады.

"Барлық сақтық шаралары сақталатынын айтқым келеді. Төтенше жағдай режимі аяқталған күннің өзінде шектеу шаралары, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталады. Менің ойымша, бұл бізге әлі де қажет. Өйткені, коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі толық аяқталған жоқ", – деді ол.

Қала тұрғындарының адамдар көп жиналатын жерге бармағандары дұрыс екені айтылып отыр.

Дүкенге, шаштараз, киім тазалайтын мекемелерге барғанда әлеуметтік қашықтықты сақтау керек. Сондай-ақ, қызметкерлерден қарапайым гигиена ережелерін сақтау талап етіледі. Бекшин алдын ала жазылу тәртібін сақтап, жасанды кезек жасаудан аулақ болуға шақырды.

"Жұмыс берушілер өз қызметкерлерін кәсіпорынның немесе нысанның меншік нысанына қарамастан, жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етуі қажет. Барлық персонал бетперде, қолғап және өзінің технологиялық киімінде болуы тиіс. Дүкендер мен шаштараздар қызметкерлері міндетті түрде бетперде, бас киім және фирмалық киімнің үстіне қолғап киіп жүруге тиіс. Барлық үй-жайлар үнемі желдетіліп, ал жұмыс орындары дезинфекциялау құралдарымен өңделуі керек", – деді Алматының бас санитар дәрігері.

Ол сондай-ақ, бұл ережелер құрылыс нысандарына да қатысты екенін атап өтті. Құрылыста барлық жұмысшылар өздерінің технологиялық киімін киіп, бетперде тағуға міндетті.

11 мамырда Алматы қаласында карантин режимі сақталады. Периметр бойынша орналасқан блок-бекеттердің жұмысы да жалғасады. Бұған дейін қабылданған қалаға кіру мен шығу ережелері сол күйі сақталады. Жұмысқа рұқсат алған кәсіпорындар ғана жіберіледі. Қоғамдық көліктің жұмыс тәртібі де өзгеріссіз қалады (сағат 06.00-ден кешкі 19.00-ге дейін).

Жаңалықтар
0