НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Алматы тұрғындары 2-3 балдық жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды білім және ғылым министрлігі сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы.
Жерасты дүмпулері 9 мамырда жергілікті уақытпен 21 сағат 36 минутта тіркелді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында, Алматыдан 291 шақырымда болған.
Тереңдігі – 5 шақырым. Магнитудасы - 4,9.
Алматы ТЖД мәліметінше, қалада жағдай тұрақты, тұрғындардан құтқару қызметіне қоңырау келіп түскен жоқ.
10 мамыр сағат түнгі 02:11-де тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Қытай аумағында Алматыдан оңтүстікке қарай 298 шақырымда орналасқан.
Тағы оқыңыз: Алматыдағы жер сілкінісі ғимараттарға қалай әсер етеді? - видео
Магнитудасы MPV 4.3. Тереңдігі 15 шақырым.
Жер сілкінісі сезілген жоқ.
Таңғы жетіде үшінші жер сілкінісі тіркелді. Бұл жолы оның эпицентрі – Қытай аумағында Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 613 шақырымда.
Магнитудасы MPV 4.2. Тереңдігі 5 шақырым.
Жерасты дүмпулерінің сезілгені туралы мәліметтер жоқ.