"Мәңгілік даңқтың" онлайн шеруіне 700 мыңға тарта адам қосылды

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуУчастники шествия "Бессмертный полк", архивное фото
Участники шествия Бессмертный полк, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәңгілік даңқтың онлайн шеруі Мәскеуде тоғызыншы мамыр Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат бесте басталды

НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. "Мәңгілік даңқ" шеруінің онлайн трансляциясына 700 мыңға тарта адам қосылды. Олар лайк басып, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ризашылығын білдіріп, мыңдаған жазба қалдырып жатыр.

Мәңгілік даңқ шеруін бірден бірнеше әлеуметтік желі мен арнайы сайттардан тамашалауға болады. polkrf.ru Ресей Мәңгілік даңқы сайтында, polk.press Халықаралық мәңгілік даңқ және "Окко" онлайн-кинотеатрында, сонымен қатар Одноклассники және ВКонтакте әлеуметтік желілеріндегі Ресей Мәңгілік даңқы қауымдастығының парақшаларында акцияға қосылуға мүмкіндік бар.

"Жобаға қатысуға 2,7 миллионнан астам өтінім түсті. Келіп түскен мәліметтердің бәрі міндетті түрде модерациядан өтеді. Қауырт желі жұмыс істеп тұр, мамандар тәулік бойы кез келген мәселе бойынша консультация береді. Нөмірі 8 – 800 – 20- 1945 – 0. 9 мамыр қарсаңында қоңырау саны рекордтық көрсеткіште жетті: 23 мыңнан асып кетті", - деп мәлімдеді акция ұйымдастырушылары.

Тағы оқыңыз: Көзі тірісінде білмей кетті: Ілияс Есенберлиннің туыстары тың деректі бөлісті

Бінеше апта бұрын ғана қолға алынған жобаның ауқымдылығы таңғалдырмай қоймайды. Акцияға бүкіл әлемнің адамдары қатысты.

Ұйымдастырушылар "Мәңгілік даңқ" шеруі жоғарыда аталған ресурстарда  бір күнге ғана созылмайтынын атап өтті.

Жаңалықтар
0