Ұлы Отан соғысы: қазақ жауынгері мен оның қызметтік иті туралы қызықты әңгіме   

© Sputnik / Георгий Хомзор / Медиабанкке өтуСолдаты 1075-го стрелкового полка 316-й стрелковой дивизии под командованием полковника Ильи Капрова
Солдаты 1075-го стрелкового полка 316-й стрелковой дивизии под командованием полковника Ильи Капрова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
18 жасында Қызыл армияға қосылған Зейнолла Құндыбаев бірден барлау бөлімшесіне түсті. Ал фашистерді анықтау миссиясын өзінің досы – "Бой" атты төбетімен бірге орындап жүрді

Зейнолла Құндыбаевтың өмірі – нағыз ерліктің үлгісі. Оның күйеу баласы, Каспий құбыры консорциумы бас директорының орынбасары Қайыргелді Қабылдин атасының жауынгерлік тағдыры туралы айтып берді.

Майданның алдыңғы шебінде жүрді

1942 жылы Зейнолла Құндыбаев 18 жасында майданға шақырылған. Ірі денелі әрі білімге құмар қазақ жігіті бірден басшылықтың көзіне түскен. Сөйтіп, арнайы мақсаттағы құрылымдар бойынша кіші командирлерді даярлайтын мектепке жібереді. Сол жерде Зейнолла әскери дайындықпен бірге кинолог мамандығын да меңгеріп шықты.

© Photo : Из личного архива Каиргельды КабылдинаЗейнолла Құндыбаев
Ұлы Отан соғысы: қазақ жауынгері мен оның қызметтік иті туралы қызықты әңгіме    - Sputnik Қазақстан
Зейнолла Құндыбаев

Осылайша, 1943 жылы наурыз айында Қызыл әскердің сарбазы Құндыбаев "Бой" деген қызметтік итімен бірге арнайы мақсаттағы полкке түсті. I Украина майданында ондай полк жалғыз болған. Оған кірген сарбаздар танктер мен қару-жарақты, жаудың жансыздарын жойды. Жарақат алған сарбаздарды құтқарды.

Ит фашистердің қозғалысын сезді

Барлаушылар бөлімшесіне түскен Зейнолла Құндыбаев төбетімен бірге күнде майданның алдыңғы шебіне шығып, аса қауіпті рейдтерді жасап отырды. Негізгі мақсат – жаудың барлау топтарын анықтау.

Фашистерді торуылдау кезінде үнемі жер бауырлап жүруге тура келді. Бой екеуі ұзақ уақыт батпақта - суық және сасық саздың ішінде жататын. Ал фашистердің көзіне түспеу үшін плащ-шатыр жамылған, үстіне жапырақ шашып қоятын. Ал Бой өзінің иіс сезу және есту қабілетінің арқасында талай рет жауды анықтауға көмектесті.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда соғыс ардагерлері 1 миллион теңгеден алады 

Иесіне адал барлаушы ит барлық тапсырманы мүлтіксіз орындады және бірде-бір рет қателеспеді. Жасырынып жатқанда дыбыс шығармайтын. Ал түнгі уақытта жау жаққа көзін қадап, барлық өзгерісті сезіп отыратын. Иттің шүйдесі күжірейіп, қарғы бауы тартылғанда Құндыбаев фашистердің еңбектеп келе жатқанын анық білді. Бойдың көзінен жаудың қай жаққа қозғалып жатқанын да анықтап отырды.

Құндыбаев итімен бірге талай рет күтпеген жерден келген жаудың жансыздарына тойтарыс берді. Сол үшін екеуі көптеген награда алды. Соның ішінде екі Даңқ ордені, Қызыл ту ордені, Қызыл жұлдыз, Отан соғысы, "Беринді алғаны үшін" және "Германияны жеңгені үшін" медальдары бар.

Бірде-бір рет жарақат алмады

Өкінішке қарай, Бой Ұлы Жеңісті көре алмады. Ол мина жарылысынан өлді. Сержант Құндыбаев өзінің жауынгерлік жолдасымен қоштасқанда көз жасын жасыра алмады. Бұдан кейін ол ит алған жоқ.

Құндыбаевты барлау бөлімшесінің командирі қызметіне қойды. Ол Сандомир плацдармында болған шайқасқа қатысты. Венаны азат етіп, Берлинді алуға атсалысты. Таңғалатын жері, осындай жанқиярлық ерлік кезінде бірде-бір рет жарақат алмады.

Ұлы Жеңістен кейін Құндыбаев Австрияда әскери қызметін жалғастырды. 1948 жылы ғана демобилизациядан өтті. Сол жылы жан жарын да кездестірді.

1965 жылы 9 мамырда Жеңістің 20 жылдығына арналған салтанатты шарада Зейнолла Құндыбаев бірінші болып Павлодардағы мәңгі алаудың отын жақты. 2004 жылы Құндыбаев мәңгілік сапарға аттанды.  

"Қайын атам мен өз әкем Мақсұт Қабылдиннің ерліктері жайында естігеніме біраз жыл болды. Соған қарамастан, біз олардың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз. Олар басқа ардагерлер сияқты бейбіт Отанымызды құруға лайықы үлес қосты", - дейді Қайыргелді Қабылдин.

Жаңалықтар
0