Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көпшілік шараларға уақытша тыйым салынды. Нұр-Сұлтан мен Алматы, сондай-ақ облыстар карантинге жабылды. Мемлекеттік органдардың отырыстары да онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар туралы хабардар етеміз.
9 мамырға жоспарланған шаралар
12.00 – Қастеев атындағы Қазақстан мемлекеттік өнер музейінің қызметкерлері Жеңіс күніне орай дайындаған виртуалды көрме. Музей қорынан алынған графикалық, бейнелеу және мүсін туындылары жұрт назарына ұсынылады (Музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында трансляция жасалады).
14.00 – Ұлы Отан соғысының қатысушысы, қазақстандық суретші Анатолий Горовых туралы видео дәріс, оны суретшінің немересі, Қастеев атындағы Қазақстан мемлекеттік өнер музейінің қызметкері Ольга Горовых оқиды (Музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында трансляция жасалады).
17.00 – Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің музыканты, суырып салма ақын, домбырашы Андрей Фендриковпен бірлесе дайындаған, Жеңіс күніне арналған мерекелік концерттік бағдарламасы (Музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында трансляция жасалады).
18.00 – "Астана Опера" театры труппасының орындауындағы Бетховен-Бессмертие-Любовь" балеті (Tengrinews TV-да трансляция жасалады).
20.00 – "Астана Балет" театры сахналайтын "Жусан" бір актілі балетінің онлайн-трансляциясы (Трансляция @astanaballet парақшасында).
10 мамырға жоспарланған шаралар
12.00 – Қастеев атындағы Қазақстан мемлекеттік өнер музейінің қызметкері Наталья Баженова өткізетін "Бисероплетение" бейне сабағы (Музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында трансляция жасалады).
18.00 – "Астана Опера" театры труппасының орындауындағы "Кармина Бурана" кантатасы (Tengrinews TV-да трансляция жасалады).
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.