Өңірлер

Ресейлік миллиардер Мақтааралда судан зардап шеккендерге 5 миллион доллар аударды

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской областиПодтопления в Мактааральском районе Туркестанской области
Подтопления в Мактааральском районе Туркестанской области  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаражат Мақтааралдағы судан зардап шеккен отбасылардың есепшотына жіберіледі, деп хабарлады Түркістан облысы әкімдігі

НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр — Sputnik. Ресейлік кәсіпкер және миллиардер Әлішер Османов Мақтаарал ауданындағы су басу салдарынан зардап шеккен Түркістан облысының тұрғындарына қомақты қаражат аударды.

5 миллион 202 мың доллар "Түркістан" әлеуметтік даму корпоративтік қорының есепшотына түсті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл қаражат судан зардап шеккен 30 420 тұрғынға көмек ретінде жіберіледі.

"Қаражат 5 202 отбасының есепшоттарына аударылады", - делінген хабарламада.

Әлішер Османов – ұлты өзбек ресейлік кәсіпкер және меценат, миллиардер, USM Holdings негізін қалаушысы. Ресейдегі ең бай адамдардың бірі.

Өзбекстанда бөгет бұзылды

Еске сала кетсек, 1 мамырда Өзбекстанда Сардоба су қоймасының бөгеті бұзылды.

Апат салдарынан көршілес Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы ауылдар су астында қалды. Ауданда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев судан зардап шеккендерге жаңа үйлер салынатынын хабарлады. Ал мемлекеттік комиссия әрбір тұрғынға 100 мың теңгеден төлеу туралы шешім қабылдады.

Жаңалықтар
0