Өңірлер

Павлодарда коронавирустан көз жұмған ер адам өлімінің мән-жайы белгілі болды

© Sputnik / Владислав Воднев Модульная инфекционная больница, построенная в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане
 Модульная инфекционная больница, построенная в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
57 жастағы Павлодар қаласының тұрғыны қант диабетімен есепте тұрған, ауруханаға түскен кезде бронхит диагнозы қойылған

НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр — Sputnik. Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы коронавирустан көз жұмған науқас туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

COVID-19 сәуір айының 23-і күні Павлодар қаласының 57 жастағы тұрғынынан табылды. Ер адам инфекциялық стационарға жатқызылған. 

"Ер адам ауруханаға түскен кезде бронхит диагнозы қойылды. Науқастың жағдайы орташа ауыр дәрежеде деп бағаланды. Пациент 2-типті қант диабетімен есепте тұрған", - делінген хабарламада. 

26 сәуірде жағдайының нашарлауына байланысты ер адам инфекциялық госпитальдің реанимациялық бөліміне ауыстырылды.

29 сәуірде науқастың тыныс алуы нашарлап, ол аппаратқа қосылған. 

2 мамырда ер адамның жағдайы күрт нашарлады. Павлодарға Нұр-Сұлтан қаласынан кардиохирург шақырылды.

"Реанимациядан кейін емделушіде жүрек-тыныс алу және бүйрек жеткіліксіздігі өршiдi. Жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан пациенттің жағдайы нашарлады. Емдеу денсаулық сақтау министрлігінің диагностикалау және емдеу хаттамасына сәйкес жүргізілді", - деп хабарлады басқармадағылар. 

Ер адам 6 мамыр сағат 20:40-та көз жұмды.

Оқи отырыңыз: "Бір аптада 45 келі балық жеп қойдық": 13 баласы бар отбасының карантиндегі өмірі

Жаңалықтар
0