Майдандастарын құтқару үшін кеудесін оққа тосты: Сүндетқали Есқалиевтің ерлігі

© Sputnik / Георгий Зельма / Медиабанкке өтуҰлы Отан соғысының алғашқы күндері
Ұлы Отан соғысының алғашқы күндері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық Сүндетқали Есқалиев небәрі жиырма жасында мәңгі өшпес ерлік көрсетіп, тарихта батыр болып қалды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Беларусьті азат ету жолындағы ұрыста майдандастарын құтқару үшін дұшпан оғына өз кеудесін тосты

НҰР-СҰЛТАН, 7 мамыр – Sputnik. Сүндетқали Есқалиевтің есімі батысқазақстандықтарға жақсы таныс. Өйткені олардың жерлесі Александр Матросовтың ерлігін қайталады — қан майданда оқ боратқан жау пулеметіне жер бауырлап барып, амбразураны өз денесімен жаба құлады.

Осылайша жанқиярлық ерлігімен майдандастарының өмірін құтқарып қалды. Ерекше ерлігі үшін Есқалиевке қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының батыры атағы берілді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Беларусьті азат ету жолындағы шайқасқа 1500-ден астам қазақстандық қатысты. Олардың арасында майдан алаңында ерлікпен қаза тапқан 20 жастағы автоматшы Сүндетқали Есқалиев те бар еді.

Қазақстаннан шыққан батыр жайлы не білеміз

Сүндетқали Есқалиев 1924 жылы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Константиновка ауылында дүниеге келген. Бастауыш білімнен кейін колхозда жүргізуші болып жұмыс істеді.

18 жасында әскерге алынды. Гарнизон мектебінде әскери дайындықтан өткен соң, кескілескен ұрыс жүріп жатқан Беларуське жіберілді.

© Sputnik / Анатолий Гаранин / Медиабанкке өтуҰлы Отан соғысы кезіндегі дзот
Майдандастарын құтқару үшін кеудесін оққа тосты: Сүндетқали Есқалиевтің ерлігі - Sputnik Қазақстан
Ұлы Отан соғысы кезіндегі дзот

Есқалиев Могилев облысы Лудчицы ауылының маңында фашистердің қорғаныс шебін бұзып өтті. Қазақ жауынгері алғашқылардың бірі болып дұшпан траншеясына ұмтылды. 1944 жылы 24 маусымға қараған түні жау нүктесін жоюға аттанды. Есқалиев жер бауырлап дзотқа жетіп, граната лақтырды. Бірақ жау пулеметінің үні өшкен жоқ. Осы кезде ол ұшып тұрып, амбразураны өз денесімен жаба құлады.

Туыстарының естелігі

Жәмила Имашева – Сүндетқали Есқалиевтің кіші қарындасы. 1949 жылы соғыстан кейін туған, ағасының ерлігін бала кезінен естіп өскен.

"Анам мен әкем 1984 жылы Беларуське республиканы неміс-фашист басқыншыларынан азат етудің 40 жылдығына барды. Могилев облыстық атқару комитеті оларды Сүндетқали Есқалиев ерлікпен қаза тапқан Лудчицы ауылында орнатылған мемориалдың ашылу салтанатына шақырды", - деді Айнагүл Битенова Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Батыр жиенінің айтуынша, монумент елу метрлік қорғанды еске түсіреді, төменде алты Кеңес Одағы батырының кескіні бейнеленген.

Есқалиевтің туысқандары бұрынғы Могучий кентінің орнында орналасқан "Лудчицкая высота" мемориалды кешенінде болды. Бауырластар зиратында алтын әріптермен "Кеңес Одағының батыры Сүндетқали Есқалиев. 1924 жылы туған. 1944 жылы 24 маусымда қаза тапты" деп жазылған.

"Менің анам Сүндетқали Есқалиев құрамында болған 556 атқыштар полкінің ардагерлерімен кездесіп, әңгімелесті",  - деді Айнагүл Битенова.

Марапаттар

Мәңгі өшпес ерлігі үшін Сүндетқали Есқалиевке қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының батыры атағы берілді.

Тағы оқыңыз: Ұлы Отан соғысы: Ресейде екі қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды

Туған ауылы Константиновкада (қазіргі Аққұдық) батырға бюст орнатылған, мектепке есімі берілді. Могилев облысы Могучий партизан ауылында ескерткіш тұрғызылды, Беларусьте Минск пен Быхов қаласындағы көшелер Есқалиевтің есімімен аталады.

Жауынгердің сүйегі Яново кентіндегі бауырластар зиратында қайта жерленді.

Жаңалықтар
0