Қоғам

Нұр-Сұлтан қаласынан тағы төрт қалаға ұшақ қатынай бастайды

© Photo : Официальный аккаунт Qazaq Air в FacebookСамолет авиакомпании Qazaq Air
Самолет авиакомпании Qazaq Air - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Келесі аптадан бастап Нұр-Сұлтаннан ұшақтар Қостанай, Ақтөбе, Талдықорған және Павлодарға қатынай бастайды

НҰР-СҰЛТАН, 7 мамыр – Sputnik. Дүйсенбі, 11 мамырдан бастап QAZAQ AIR Нұр-Сұлтаннан Қазақстанның төрт қаласына тұрақты рейстерді қайта бастайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"11 мамырдан бастап біз Нұр-Сұлтаннан Қостанай, Ақтөбе, Талдықорған және Павлодарға тұрақты рейстерді қайта бастаймыз. Барлық жолаушыларға қазіргі уақытта COVID-19 үшін ПТР сынақтан өткендігі туралы куәлік (сол күннен бастап жеті күн ішінде жарамды) болуы тиіс және ол әуежайда ұсынылуы керек", – делінген компания хабарламасында.

Әуежай қызметкерлері сертификатсыз жолаушыларды рейске кіргізуден бас тартуға құқылы.

Сондай-ақ, 7 мамырдан бастап жолаушыларды бір жолаушы орны арқылы отырғызу туралы шешім көлік саласындағы бас дәрігердің шешімімен жойылды.

QAZAQ AIR авиакомпаниясының баспасөз қызметі әуе компаниясы рейстегі жүктеме толық болмаған жағдайда жолаушыларды қашықтыққа сәйкес орындайтынын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Министр әуе тасымалы қалай жүзеге асырылатынын айтты

Айта кету керек, 1 мамырдан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан арасындағы рейстер қайта іске қосылды.

4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылорда, Петропавл, Өскемен және Семейге рейстер қатынай бастады.

Қазақстандағы төтенше жағдай 11 мамырға дейін ұзартылды.

Жаңалықтар
0